Әскери бөлімдер мен мекемелердің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне өзгерістер енгізіледі
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері (білікті жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 746 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ескірген нормаларды жою және оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» биылғы жылдың 28 мамырына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15045172 сілтеме бойынша танысуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -