Әскери бөлімге экскурсия
Бас прокуратура қызметкерлерінің балалары Қорғаныс министрлігінің № 68665 әскери бөліміне экскурсияға барып, сарбаздардың күнделікті өмірімен танысты.
Іс-шара өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру және жастардың бойында батылдық пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында жүргізілді.
Бөлімге келген қонақтар әскери қызмет атмосферасына бөленді, оларға әскери техника мен киім үлгілері, қару-жарақ пен арнайы құралдар көрсетілді.
Жас ұрпақтың назарына жауынгерлік қызмет пен Қарулы Күштер дәстүрі, сондай-ақ ата-баба тарихы мен ерлік мұрасы, ұрпақтар сабақтастығы жөнінде ақпарат жеткізілді.
Осылайша, әскери бөлімге бару жастар үшін есею жолындағы маңызды қадам болды. Олар Отанды қорғау туралы тереңірек түсінік алды және Армияның жауынгерлік қуатын көріп, әскери қызметті құрметтеуге үйренді.
Саяхатқа барған балалар ата-аналарына болашақта осы бөлімдегі сарбаздар сияқты әскери киім киіп, Отанды қорғайтындарын айтты.
Шара соңында қонақтар әскери асханада болып, сарбаз тағамынан дәм татты.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -