Әскери-дәрігерлік сараптама мәселелерінің тәртібі мен ережелеріне өзгерістер енгізіледі
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрықтың жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы келісімшарт бойынша әскери қызмет етуге ниет білдіргендерді медициналық куәландыру тәртібіне көзқарасты өзгертуге қатысты бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Бұдан басқа, құжатта азаматты денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке негізсіз шақырудың себептерін зерделеу тәртібі нақтыланды.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 8 қарашасына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15253117 сілтеме бойынша танысуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -