Әскери-теңіз күштерінің матростары 22 оқу грантына ие болды: Астана қаласы, 02 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Әскери-теңіз күштерінің матростары 22 оқу грантына ие болды

Ақтаудағы Әскери-теңіз базасының әскери қызметшілері Ақтөбе, Алматы және Щучинск қалаларына аттанды.

Онда олар Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына емтихансыз қабылданып, бірнеше жылдан кейін кәсіби офицерлер мен сержанттар қатарын толықтыратын болады.

Қазіргі таңда Қарулы күштерде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың бастамасымен қабылданған «Сорчники 2.0» бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл бағдарлама шеңберінде қызмет барысында көзге түскен әскери қызметшілер ҰБТ нәтижелеріне қарамастан, еліміздің әскери және азаматтық жоғары оқу орындарында тегін оқуды таңдай алады.

Шілде айында Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер арасында конкурстық негізде еліміздің әскери оқу орындарына түсуге 22 талапкерді іріктеп алған болатын. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық үздіктеріне Әуе қорғанысы күштері мен Құрлық әскерлерінің әскери институттарында және Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде оқу құқығы берілді. Болашақ офицерлер  мамандықты да таңдап үлгерген.

– Жоғарғы оқу орындарына білім алуды жалғастыру әскери қызметшілердің өз қалауы. Олар ай сайын жауынгерлік, физикалық және медициналық дайындықтар бойынша бағаланды. Бұл жағдайда бағалар «Срочники 2.0» бағдарламасы бойынша қойылады. Платформадағы барлық ақпарат кез келген адамға онлайн режимінде қол жетімді. Әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары іріктеу барысын бақылай алады. Үздіктер жоғары әскери және азаматтық оқу орындарына тегін негізде түсу үшін гранттарға ие болады, – деп атап өтті Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов.

«Срочники 2.0» бағдарламасы Қазақстанда өткен жылы басталды. Конкурстық іріктеуге 2023 жылы запасқа  шығарылған 2022 жылдың көктемгі және күзгі шақыруларының арасынан 29 491 сарбаз қатысты. Талапкерлерге азаматтық жоғары оқу орындарында тегін оқу үшін 3000 орын, оның ішінде еліміздің әскери оқу орындарына 350 орын бөлінді. Конкурстан өткендердің тізімі әлеуметтік желілерде жарияланып, оқу орындарына жолданды.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар