Әскери қызметшілер Алматы қаласының су айдындарында рейдтік іс-шараларды жалғастыруда
Тыйым салынған орындарда шомылу жағдайларын және су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзуды болдырмау мақсатында 28237 әскери бөлімінің 2-ші «Барыс» құтқару батальонының әскери қызметшілері ТЖД бірлесіп, Алатау ауданының Шаңырақ және Дархан шағын ауданында Үлкен Алматы өзені бойынша патрульдеу жүргізді.
Құтқарушылар патрульдеу барысында жергілікті тұрғындарды рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың ықтимал қауіптері туралы хабардар етті, сонымен қатар ақпараттық материалдар таратып, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.
Б. Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -