Соғыс ардагері Александр Журавлев 99 жасқа толды: Астана қаласы, 31 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Соғыс ардагері Александр Журавлев 99 жасқа толды

Алматы қаласы Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері екінші дүниежүзілік соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады.

Александр Степанович Журавлев 1925 жылы 30 мамырда Барнауыл қаласында (Алтай өлкесі) дүниеге келген. 1943 жылы Новосібірде оқып жүргенде Карелия майданына шақырылады. Телефоншы болып қызмет етіп, кейін артиллерия бөлімінде барлаушы болған. Ол сондай-ақ 1-ші Украина майданының құрамында соғысқан. 1945 жылы Эльба өзенінен өтіп, Берлин маңындағы ұрыстарға қатысты.

Соғыстан соң Александр Степанович әскери қызметін жалғастырып, біліктілігін арттыру үшін Будапештке жіберіледі. 1950 жылы запасқа шыққан.

Ардагер Құрмет белгісі орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Праганы алғаны үшін» медальдарымен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Александр Степанович соғыстағы жауынгерлік достарын еске алып, өзін құттықтап келген әскери қызметшілерге алғыс білдірді.

Айта кету керек, Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері ардагерлердің ерлігін ешқашан ұмытқан емес. Олар қарт майдангерлерге қамқорлық жасап, қажетті көмек көрсетуді әдетке айналдырған.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Алматы қаласы Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері екінші дүниежүзілік соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады.

Александр Степанович Журавлев 1925 жылы 30 мамырда Барнауыл қаласында (Алтай өлкесі) дүниеге келген. 1943 жылы Новосібірде оқып жүргенде Карелия майданына шақырылады. Телефоншы болып қызмет етіп, кейін артиллерия бөлімінде барлаушы болған. Ол сондай-ақ 1-ші Украина майданының құрамында соғысқан. 1945 жылы Эльба өзенінен өтіп, Берлин маңындағы ұрыстарға қатысты.

Соғыстан соң Александр Степанович әскери қызметін жалғастырып, біліктілігін арттыру үшін Будапештке жіберіледі. 1950 жылы запасқа шыққан.

Ардагер Құрмет белгісі орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Праганы алғаны үшін» медальдарымен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Александр Степанович соғыстағы жауынгерлік достарын еске алып, өзін құттықтап келген әскери қызметшілерге алғыс білдірді.

Айта кету керек, Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері ардагерлердің ерлігін ешқашан ұмытқан емес. Олар қарт майдангерлерге қамқорлық жасап, қажетті көмек көрсетуді әдетке айналдырған.

Аймақтағы жаңалықтар