Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі кезеңге дайындық тексерілді
Қазақстан Республикасы Үкімет аппаратының мемлекеттік инспекторы Бауыржан Балғабаев өңірдің халқы мен аумағын тасқын судан қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуына баға берді,
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік инспектор төтенше жағдайлар және су ресурстары министрліктерінің өкілдерімен бірлесіп, алдағы су тасқыны кезеңінде өңірдің халқы мен аумағын қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуына бағалау жүргізді.
Облыстың Қызылжар, Шал ақын, Тайынша аудандарын және Петропавл қаласының аралау нәтижелері бойынша қазіргі уақытта қорғаныс құрылыстары мен қаптамаларды салу, нығайту бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, сондай-ақ су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша басқа да іс-шаралар толық жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -