Солтүстік Қазақстандағы Қазақ күресі: жеңімпаздар марапатталды
Петропавлда қазақ күресінен «Бейбіт күннің батырлары» атты ашық турнир аяқталды. Турнирге 130 балуан қатысты, оның ішінде 84-і ТЖМ қызметкері және 46-сы жергілікті тұрғын. Олар Қазақстанның 10 облысынан келді.
Финалда мықтылар анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша 100-ден астам салмақ дәрежесінде үшінші орынды 2 қатысушы - Астана қаласынан өкілі Қанат Өмірзақов және СҚО ТЖД Жандос Сейтенов бөлісті. Астаналық Санжар Жабборов екінші орын, Астана қ. ТЖД Азат Кенжебеков бірінші орынды иеленді.
Қалған санаттарда бірінші орынға ие болғандар: 100 келіге дейін – Алтынбек Аусагитов (СҚО), 90 келіге дейін – Жасұлан Бекболатов (Қостанай обл.), 82 келіге дейін – Дмитрий Динер (СҚО), 74 келіге дейін – Талғат Кеңесов (Қостанай обл.), 66 келіге дейін – Мейіржан Берекетов (СҚО), 60 кг. – Нұрлыхан Мұхамбетов (Ақтөбе облысы), 55 кг дейін - Архат Баймурзин (Қостанай облысы).
«Түйе балуан» санатында жүлделі бірінші орынды Солтүстік Қазақстандық Алтынбек Аусагитов жеңіп алды.
Турнирді «Бейбіт күннің батырлары» Қазақстан өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының қоғамдық қоры ұйымдастырды. Жеңімпаздарға медальдар, сертификаттар мен дипломдар табысталды.
СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -