Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама - eGov mobile-дағы танымал қызметтердің бірі. Бұл анықтама виза және тұру ықтияратын алу немесе жұмысқа тұру кезінде қажет болады.
Қызметті eGov.kz порталынан немесе eGov mobile қосымшасынан ала аласыз.
eGov mobile арқылы қызметке өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
- Қолданбада авторизациядан өтіңіз;
- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу» бөліміне өтіңіз;
- «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» қызметін таңдаңыз;
- Қызметке өтініш беріңіз және оған қол қойыңыз.
Қызмет нәтижесімен мәртебе бетінде немесе Жеке кабинетте танысыңыз
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -