Спортшылар терроризмге қарсы
Батыс Қазақстан облысы бойынша Терроризмге қарсы комиссияның қолдауымен спортшылар мен жаттықтырушылар арасында теолог-cарапшылардың қатысуымен кездесулер өткізілді.
Іс-шаралар барысында радикалды идеологиядан қалай қорғануға болатындығы туралы мәлімет беріп, құқық бұзушылықтар орын алған кезінде қолданылатын заңнамаларға тоқталып өтті.
Әлеуметтік желіде қаралған, бөліскен әрбір діни ақпаратқа мұқият қарап, заңға қайшы келетін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Қатысушыларға ұлттық құндылықтардың, зайырлы білім алудың адам өміріндегі маңыздылығы түсіндірілді.
Жалпы тақырыпты қамти отырып, қоғамда болып жатқан, назар аударатын жайттарға мысал келтіру арқылы кеңестер берді.
Материал Батыс Қазақстан облысы бойынша Терроризмге
қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -