Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) бойынша семинар
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ЕҚЫҰ «Орталық Азиядағы стратегиялық экологиялық бағалау саласындағы ұлттық және аймақтық әлеует пен ынтымақтастықты нығайту – II кезең» жобасы және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен (GIZ) бірлесіп, GIZ қаржыландыратын «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» өңірлік жобасы шеңберінде жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) бойынша кезекті семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты Қазақстан Республикасының стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) саласындағы заңнамасының қолданылуын түсіндіру және өңірлік жоспарлау құжаттарына СЭБ дайындау мен өткізудің практикалық дағдыларын әзірлеу болды.
Семинарға қатысушылар салалық жоспарлауды жетілдіру және орнықты даму қағидаттарын ілгерілету құралы ретінде СЭБ тұжырымдамасымен және артықшылықтарымен танысты. СЭБ бойынша сарапшылар Қазақстан Республикасында орындалған пилоттық жобалардың нәтижелері мен халықаралық тәжірибені ұсынды. Қатысушылар СЭБ қолдану бөлігінде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарын, СЭБ процесінде салалық министрліктер мен ведомстволардың рөлін қарады, СЭБ жоспарлау процесіне интеграциялануын және жоспарлау жүйесін жақсарту мүмкіндіктерін талқылады.
Толық тренинг курсынан өткен қатысушылар GIZ атаулы сертификаттарын алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -