СТУДЕНТТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымкент қаласының дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев пен басқармаға қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Амангелді Нұрдаулеттің қатысуымен «Мирас» колледжінің студенттеріне «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында бүгінгі қоғамдағы рухани, мәдени және әлеуметтік мәселелер туралы кеңінен әңгіме өрбіді.
Кездесуде қоғамдағы жат ағымдардың насихаттық жұмыстарының алдын алу, ақпарат кеңістігіндегі теріс діни ағымдардың үгіт-насихаттарына тосқауыл қою, дәстүрлі діни иммунитетті қалыптастыру, сонымен қатар, дінге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда тек қана ресми парақшалар мен дін саласының мамандарынан ақпарат алу қажеттігі түсіндірілді.
Іс-шара барысында басқарма басшысы қазіргі таңдағы дінге байланысты өзекті мәселелерді сөз етті, жастарға дұрыс бағыт-бағдар берудің маңыздылығына тоқталды.
Материал Шымкент қаласы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -