Суға түсу маусымында қауіпсіздік сақтау керек
Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін бұзушыларды анықтау және су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау бойынша бірлескен рейдтер мен патрульдеу жұмыстарын жүргізеді.
10-11 маусым күндері Ақтөбе қаласының аумағында ТЖМ 20982 әскери бөлімі мен полиция қызметкерлері бірлесіп суға шомылуға тыйым салынған орындарда рейд жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында үлкендердің қарауынсыз тыйым салынған жерге суға түскен 27 бала анықталып, Ата-анасына әкімшілік шара (ҚР ӘҚБтК 412 бабы бойынша-5 айыппұл, 364 бабы бойынша-15 ескерту) қолданылды.
Ата-аналарға балаларыңызды қараусыз қалдырмауыңызды және суға түсуге жабдықталмаған орындарға шомылумауды сұраймыз.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -