Су тасқыны салдарын жоюға қатысқан құтқарушыларға мемлекеттік наградалар табыс етілді
2024 жылғы 19 маусымда су тасқыны салдарын жоюға қатысқан он бес құтқарушы мемлекеттік наградаларға ие болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденін Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД № 5 өрт сөндіру бөлімінің командирі Бауыржан Жаулетбаев, Маңғыстау облысы ТЖД № 10 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Сұңғат Жүзболсын, Батыс Қазақстан облысы ТЖД № 8 өрт сөндіру бөлімінің командирі Қуаныш Кумаршиев, "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі Анатолий Козловский, сондай-ақ «Ерлігі үшін» медалін Қызылорда облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Еркін Әмірханов, Жетісу облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Әлішер Баймұханбет, Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Бейсенғали Дүйсебаев, Ұлытау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері Батырлан Тәтіков алды.
ТЖМ-де өткен салтанатты іс-шарада ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Президент атынан құтқарушыларды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Мәселен, «Ерлігі үшін» медалімен Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі взводының командирі Мират Бекетов, Ақтөбе облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Сағадат Бердіғалиев, Атырау облысы ТЖД № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Ерлан Дәулетов, Абай облысы ТЖД № 2 өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі-қызметкері Ерлан Жұртбаев, Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының басшының орынбасары-құтқарушысы Алмаз Қарсыбеков, Ақмола облысы ТЖД № 26 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері Евгений Кремер, Қостанай облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы-құтқарушы Ерлан Мұстафин марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны кезінде ведомство барлық күштер мен құралдарды үйлестіруді ұйымдастырды, соның арқасында алғаш рет құтқарушылар мен техника топтарын ауқымды тасымалдау жүзеге асырылды. Су тасқынына ұшыраған өңірлерде қазақстандық құтқарушылар тұрғындарға бірінші болып көмекке келді. Отбасыларын және өздерінің су басқан үйлерін тастап, 60 күннен астам уақыт бойы олар алдыңғы қатарда болды және бірінші кезектегі міндеттерді орындады. Алдын ала эвакуациялауға қатысып, су басқан елді мекендерден адамдар мен жануарларды құтқара отырып, ТЖМ қызметкерлері батылдық, ерлік пен төзімділік танытты.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -