Судағы қауіпсіздік, балалардың терезеден құлауы: Астана қаласы, 25 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Судағы қауіпсіздік, балалардың терезеден құлауы

Қарағанды ​​облысында судағы қауіпсіздік мәселелері және балалардың терезеден құлауы туралы брифинг өтті.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтіп, оның барысында Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ерасыл Сайпаш судағы өзін-өзі ұстау ережелері және балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу туралы баяндады.

Қазіргі таңда облыста су айдындарында рұқсат етілген 89 көпшілік демалыс, туризм және спорт орындары анықталды. Айта кету керек, барлық коммуналдық жағажайлар тегін. Суға түсу маусымында суға батудың 5 оқиғасы тіркелді. Барлық жағдайлар  жабдықталмаған суға түсу аймақтарында орын алған. Судағы өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі – тұрғындардың, әсіресе балалардың суда болу қаупі туралы хабардар болмауы.

Сондай-ақ, Ерасыл Сайпаш өз сөзінде жыл сайын жылы күндердің басталуымен балалардың ашық терезеден құлау фактілері тіркелетінін атап өтті. Жыл басынан бері облыста балалардың терезеден құлауының 17 оқиғасы тіркеліп, өкінішке қарай, оның екеуі қайтыс болды.

Брифинг соңында ата-аналарға балалардың үйдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды үнемі қадағалау қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қарағанды ​​облысында судағы қауіпсіздік мәселелері және балалардың терезеден құлауы туралы брифинг өтті.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтіп, оның барысында Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ерасыл Сайпаш судағы өзін-өзі ұстау ережелері және балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу туралы баяндады.

Қазіргі таңда облыста су айдындарында рұқсат етілген 89 көпшілік демалыс, туризм және спорт орындары анықталды. Айта кету керек, барлық коммуналдық жағажайлар тегін. Суға түсу маусымында суға батудың 5 оқиғасы тіркелді. Барлық жағдайлар  жабдықталмаған суға түсу аймақтарында орын алған. Судағы өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі – тұрғындардың, әсіресе балалардың суда болу қаупі туралы хабардар болмауы.

Сондай-ақ, Ерасыл Сайпаш өз сөзінде жыл сайын жылы күндердің басталуымен балалардың ашық терезеден құлау фактілері тіркелетінін атап өтті. Жыл басынан бері облыста балалардың терезеден құлауының 17 оқиғасы тіркеліп, өкінішке қарай, оның екеуі қайтыс болды.

Брифинг соңында ата-аналарға балалардың үйдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды үнемі қадағалау қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар