Судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша брифинг өткізілді: Астана қаласы, 26 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша брифинг өткізілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде шомылу кезеңінде су айдындарында қауіпсіз демалуды ұйымдастыру шаралары талқыланды. Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Ералы Разакулов судағы өлім-жітім санының азаюына әкелген алдын алу шаралары туралы атап өтті.

Алайда, қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, өңір Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда су айдындарындағы өлім-жітім бойынша көшбасшылардың бірі болып қала тұр.

Өткен демалыс күндері, Қапшағай су қоймасының жағажайларында қауіпсіздік ережелерін бұза отырып шомылу салдарынан екі адам қаза тапты. Екі оқиға да судағы қауіпсіздік ережелерін елемеуінен ауыр зардаптарға ұшырады.

Бірінші жағдай №6 қалалық жағажайда болды, Алматыдан келген ер адам құтқарушылардың ескертулерін бірнеше рет елемей, қалтқылардан аса жүзіп кетті. Құтқарушылардың оны жағаға шығару әрекеттері сәтсіз аяқталды, нәтижесінде ол суға батып кетті. Құтқарушылар мен медициналық қызметкерлердің жедел араласуына қарамастан, жедел жәрдем келген кезде қайтыс болу фактісі тіркелді.

Осындай қайғылы оқиға сол күні «Жағажай волейболы» демалыс аймағында болды, онда ер адам судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамай қайтыс фактісі тіркелді. Мұндай трагедиялардың негізгі факторларының бірі-жабдықталмаған шомылу орындарын таңдау.

Кешенді даму шеңберінде 2026 жылға дейін құтқару станциясы мен төрт мобильді бекет салу жоспарлануда. Сонымен қатар, Қапшағай су қоймасында қашықтықтан мониторинг жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Соңында спикер азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерінің қатаң талаптарын сақтауға шақырды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде шомылу кезеңінде су айдындарында қауіпсіз демалуды ұйымдастыру шаралары талқыланды. Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Ералы Разакулов судағы өлім-жітім санының азаюына әкелген алдын алу шаралары туралы атап өтті.

Алайда, қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, өңір Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда су айдындарындағы өлім-жітім бойынша көшбасшылардың бірі болып қала тұр.

Өткен демалыс күндері, Қапшағай су қоймасының жағажайларында қауіпсіздік ережелерін бұза отырып шомылу салдарынан екі адам қаза тапты. Екі оқиға да судағы қауіпсіздік ережелерін елемеуінен ауыр зардаптарға ұшырады.

Бірінші жағдай №6 қалалық жағажайда болды, Алматыдан келген ер адам құтқарушылардың ескертулерін бірнеше рет елемей, қалтқылардан аса жүзіп кетті. Құтқарушылардың оны жағаға шығару әрекеттері сәтсіз аяқталды, нәтижесінде ол суға батып кетті. Құтқарушылар мен медициналық қызметкерлердің жедел араласуына қарамастан, жедел жәрдем келген кезде қайтыс болу фактісі тіркелді.

Осындай қайғылы оқиға сол күні «Жағажай волейболы» демалыс аймағында болды, онда ер адам судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамай қайтыс фактісі тіркелді. Мұндай трагедиялардың негізгі факторларының бірі-жабдықталмаған шомылу орындарын таңдау.

Кешенді даму шеңберінде 2026 жылға дейін құтқару станциясы мен төрт мобильді бекет салу жоспарлануда. Сонымен қатар, Қапшағай су қоймасында қашықтықтан мониторинг жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Соңында спикер азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерінің қатаң талаптарын сақтауға шақырды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар