Судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындарды бөлу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Жоғары Соты судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындарды бөлу туралы хабарлайды:
Астана қаласы бойынша – 12 орынАлматы қаласы бойынша – 19 орынШымкент қаласы бойынша – 3 орынАқтөбе облысы бойынша – 6 орынАлматы облысы бойынша – 5 орынАтырау облысы бойынша – 7 орынШығыс Қазақстан облысы бойынша – 3 орынЖамбыл облысы бойынша – 3 орынБатыс Қазақстан облысы бойынша – 4 орынҚарағанды облысы бойынша – 6 орынҚостанай облысы бойынша – 3 орынҚызылорда облысы бойынша – 3 орынМаңғыстау облысы бойынша – 5 орынПавлодар облысы бойынша – 2 орынСолтүстік Қазақстан облысы бойынша – 1 орынТүркістан облысы бойынша – 5 орынЖетісу облысы бойынша – 1 орынҰлытау облысы бойынша – 4 орын
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 2-4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтар тағылымдамаға жіберіледі.
Тағылымдамадан өту судья лауазымына кандидаттың тұратын жері бойынша тіркелген облыс, астана және республикалық маңызы бар қалалар аумағындағы жергілікті соттарда жүзеге асырылады. Тұрғылықты жері бойынша тағылымдамадан өту үшін бос орындар болмаған жағдайда, кандидат басқа облыс, астана және республикалық маңызы бар қалаларда бос орындар болған кезде тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен Тағылымдамадан өтуге адамдарды іріктеу жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жүгінуге құқылы.
Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адамдар Комиссияға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүгінеді.
Өтінішке мынадай құжаттар:1) Фотосуреті бар кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;2) өмірбаян (өз қолымен жазылады);3) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;4) жоғары заңгерлік білімі туралы дипломның және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;5) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшірмесі;6) соңғы жұмыс орнынан алынған бірінші басшы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қойған, ұйымның мөрімен бекітілген қызметтік мінездеме (Мінездемені ұсыну мүмкін болмаған жағдайда оның себептері көрсетілген түсініктеме ұсынылады);7) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама № 075-У нысан), сондай-ақ заңнамалық тұрғыда белгіленген тәртіпте берілген психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепке тұрмағаны туралы анықтамалар;
Барлық ұсынылған құжаттарда қол қойылуы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – шығыс нөмірі мен күні болуы тиіс.
Медициналық анықтама берілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды.
Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адамдар Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігіне құжаттарды Астана қаласы, Қонаев көшесі, 39-үй мекенжайы бойынша қолма-қол немесе пошта немесе электрондық түрде 707-0058@sud.kz поштасы арқылы ұсынады.
Құжаттарды электронды түрде электронды мекенжайға жолдаған кезде, олардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылу қажет. Ұсынылмаған жағдайда, тағылымдамадан өтуге жіберу туралы құжаттар Комиссиямен қаралмайтын болады.
Анықтама үшін телефондар: 8(7172) 71-00-58.
Қазақстан РеспубликасыныңЖоғары Соты
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -