Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өтті: Абай облысы, 22 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өтті

Абай облысында ағымдағы жылды қорытындылап, 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру жөніндегі алдағы жұмыстарды талқылаған семинар өтті. Семинар барысында мемлекеттік бюджеттің игерілуі барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шаралар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жайлы да айтылды.

«Абай облысы бюджетінің орындалуының қорытындылары» тақырыбы бойынша облыстық қазынашылық Департаменті басшысының орынбасары М.Мұқашев баяндама жасады. Ол өзінің баяндамасында 2024 жылдың 9 айындағы бюджеттің кассалық атқарылуы кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерімен таныстырды. Бұзушылықтар статистикасын келтіріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің негізгі себептері мен факторларын атап өтті. Қазынашылық органдарының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтты.

Семинарға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев Қазынашылық Департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен, Мемлекеттік Ішкі аудит департаментімен, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар басшыларымен және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырған бүгінгі семинардың маңыздылығын атап өтті.

Талқылау барысында семинарға қатысушылар мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістеріне қатысты сұрақтарын қойды.

Семинарға қатысушылар ықтимал құқық бұзушылықтар мен бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін барлық шығыстарға мониторингті күшейту қажеттігін атап өтті. Бұл алдағы жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде ескерілуі тиіс сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Абай облысында ағымдағы жылды қорытындылап, 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру жөніндегі алдағы жұмыстарды талқылаған семинар өтті. Семинар барысында мемлекеттік бюджеттің игерілуі барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шаралар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жайлы да айтылды.

«Абай облысы бюджетінің орындалуының қорытындылары» тақырыбы бойынша облыстық қазынашылық Департаменті басшысының орынбасары М.Мұқашев баяндама жасады. Ол өзінің баяндамасында 2024 жылдың 9 айындағы бюджеттің кассалық атқарылуы кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерімен таныстырды. Бұзушылықтар статистикасын келтіріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің негізгі себептері мен факторларын атап өтті. Қазынашылық органдарының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтты.

Семинарға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев Қазынашылық Департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен, Мемлекеттік Ішкі аудит департаментімен, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар басшыларымен және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырған бүгінгі семинардың маңыздылығын атап өтті.

Талқылау барысында семинарға қатысушылар мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістеріне қатысты сұрақтарын қойды.

Семинарға қатысушылар ықтимал құқық бұзушылықтар мен бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін барлық шығыстарға мониторингті күшейту қажеттігін атап өтті. Бұл алдағы жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде ескерілуі тиіс сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Аймақтағы жаңалықтар