Құтқарушыларға жат ағым зардаптары түсіндірілді
Атырау облысы Терроризмге қарсы комиссиясының қолдауымен «Радикалды ағымдардың зардаптары» тақырыбында Төтенше жағдайлар департаменті ұжымымен кездесу өткізілді. Бұл шараға 50 қызметкер қатысты.
Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның теолог-маманы Н. Ермағамбетов бірқатар заңнамалық нормалар бойынша, дінге жалпы түсінік берді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453 және 490-баптарында көзделген құқықтық жауапкершілік туралы жеткізе отырып, радикалды топтардың зияны мен ұлттық құндылықтардың сақталуы жөнінде оймен бөлісті.
Мекеме қызметкерлеріне қандай да бір дін саласындағы арнайы бекітілген әдебиеттер мен дереккөздерді, сайттарды ғана қарауға кеңес берді.
Кездесу барысында департамент қызметкерлері тақырыпқа қатысты өздерін толғандырған сұрақтарына тиісті жауаптарын алып, дәріс соңында алғыстарын білдірді.
Материал Атырау облысы бойынша Терроризмге қарсы
комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -