Құтқарушылар балаларға арналған жүзу секциясын ашты
Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында жүзу сабақтары өткізілетін секция ашуға шешім қабылдады.
Жаттығу Сандықтау ауданының спорт кешенінің бірінде өтеді. Бұл бастама мүдделі ведомстволармен ұйымдастырылды. Мұнда жүзу сабақтарынан басқа алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары да оқытылады. Балалармен тәжірибелі нұсқаушылар жұмыс істейді. Сабақтар апта сайын өткізіледі, осы бағыттағы жұмыс жалғастырылады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -