Құтқарушы қызметі – адал азамат міндеті!
Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда жанқиярлығы, сондай-ақ еліміздегі су тасқыны кезеңіндегі көрсеткен ерлігі үшін Батырлан Татиков мемлекеттік
награда «Ерлігі үшін»
медалімен марапатталды.Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны басталғалы бері Ұлытау облысының құтқарушылар тобы тәулік бойы адамдарды құтқарып, эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Қиын сәтте тәуекелге барған, құтқару жұмыстарына да атсалысқан Ұлытау облысының ТЖД Азаматтық қорғау бөлімінің офицері Батырлан Татиков.
Батырлан Кайратович азаматтық қорғау органында 2017 жылдан бастап қызмет етеді. Бұл салаға келгеніне көп болмасада Батырлан қатарының алды, өз ісіне тиянақты, жұмысына жауапты офицер.
Батырлан Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді атсалысты. Бірлік, Байтерек, Покровка, Якорь, Рассвет, Багалюбова, Соколовка, Вишневка, Семиполатно, Хромзавод, Подгора, Ольшанка ауылдарында құтқару жұмыстарына да қатысты.
Құтқарушылар
тобымен
бірлесіп, 13 мың дана қапшық төселіп, 310 тонна инертті материалдар салынып, 13,5 мың текше метр еріген су сорылды. Су тасқынына қарсы жұмыстардың нәтижесінде 220 адам оның ішінде: 23 бала, 126 үй жануарлары эвакуцияланды.«Мектеп бітірген соң, М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түстім. Міне, қазір осы салада қызмет етіп жатырмын. Құтқарушы болу - бұл мықты дайындық, төзімділік, үлкен білім мен дағдылар, сонымен қатар адамдарға көмектесуге дайын болу. Құтқарушының ең басты міндеті – адамдар өмірін құтқару, бұл өте жауапты миссия», - дейді Батырлан.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -