Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары» ММ көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері — www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі құжаттар тізбесі:
1) өтініш;
2) әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтама ұсынады;
3) мынадай жағдайларда: отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтін болса, өтініш беруші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін ұсынады;
отбасы тұрып жатқан тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға жауап бермейтін болса, көрсетілетін қызметті алушы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық тексеру нәтижелері бойынша) көшірмесін ұсынады;
жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан көп отбасы тұрып жатқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өзі тұратын тұрғынжайдың техникалық паспорты мен құқық белгілейтін құжатының көшірмелерін қосымша ұсынады;
отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар бар, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тиісті ауру түрін растайтын құжатты қосымша ұсынады.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; 2) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 3) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс; 4) Заңның 68-бабының 1-1), 1-2), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген отбасының әрбір мүшесі үшін тұрғын үй алуға өтініш бергенге дейін соңғы он екі айдағы жиынтық орташа айлық табысы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген коэффициенті мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды; 5) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 6) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар есепке қойылады.
Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді есепке алу туралы анықтаманы берудің жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі — кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама не ұялы телефонғанға sms-хабарлама.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарға тұрғынжайы авариялық деп танылған елді мекеннен тыс жерде өтініш білдірген кезде, сондай-ақ, егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны:
-тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
-оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үйдi сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығаруы;
- тұрғын үйдiң өз кiнәсiнен бұзылуы немесе бүлiнуi;
- тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен кетуi;
- жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -