Тұран даңғылының учаскесі уақытша жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 29-30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы оң жақ съездер бойынша бағытталатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -