Түрген шатқалындағы алдын алу: таулы жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Түрген шатқалында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді яғни: өрт қауіпсіздігін күшейту, орман аймақтарында от жағуға тыйым салу, таулы жерлерде нұсқама жүргізу, сел ағындары кезіндегі іс-қимылдар және су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету сиякты.
Демалыс күндері Алматы облысы ТЖД, ПД, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, Жастар ресурстық орталығының, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері демалыс орындарында рейдтер өткізді.
Іс-шаралардың мақсаты төтенше жағдайлардың алдын алу ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың дайындық деңгейін арттыру болып табылады. Шаруашылық объектілері мен тұрғын үйлердің иелеріне қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар-хабарламалар таратылды.
Таулы жерлерде, ықтимал сел ағындары мен орман өрттерінің қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылады. Ақпараттық материалдарды, соның ішінде брошюралар мен плакаттарды, төтенше жағдайлар туралы ұсыныстар 5 мыңнан астам адамға түсіндіріліп, судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелері, сел қауіпсіздігі туралы 3 мың дана жадынамалары таратылды.
Алматы облысының ТЖД сел қауіпі кезінде негізгі ережелерін еске салады, мысалы, таулы аумақтағы ауа-райы жағдайында хабардар болу, нөсер жаңбыр туралы ескертулер және сел арналарына жүру ережелерін білу. Ұсыныстарға қауіпті аймақтарда лагерьлерді орналастыруға шектеулер және сел үйінділерінен кейін тау беткейлері мен арналар бойымен жүру кезінде ықтимал қауіптер туралы ескерту кіреді.
Аталмыш шаралары күн сайын Алматы облысының барлық аумағында жүргізіледі.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -