Түркі мемлекеттері Ұйымының сот кеңестері басшыларының екінші кездесуі
2024 жылғы 22-24 мамыр аралығында Ыстамбұлда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.А. Шипп және Кеңес Аппаратының басшысы Д.Б. Мұратбеков қатысатын Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Сот кеңестері басшылары мен байқаушыларының екінші кездесуі өтуде.
Түркі мемлекеттерінің ұйымы – бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, өзара қарым-қатынас мәселелерін кеңейту, сондай-ақ Түркітілдес елдердің әлеуетін дамыту мақсатында қазіргі мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым. Бұл ұйымда мүше мемлекеттер-Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, ал бақылаушылар – Венгрия, Түрікменстан.
Сот кеңестері басшыларының алғашқы кездесуі 2015 жылы өтті. Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты-түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің сот жүйелерінің ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары туралы тәжірибе алмасу.
Баяндама жасай отырып, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.А. Шипп өзіне сеніп тапсырылған ведомство жұмысының басым бағыттары және Кеңестің рөлі мен мәртебесін нығайтуға қатысты соңғы заңнамалық жаңалықтар туралы айтып, ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді. «Бүгінгі кездесу қоғамдағы заң үстемдігі мен құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында сот-құқықтық саладағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті тереңдетуге деген ортақ ұмтылысымызды білдіреді, - деді Денис Алексеевич. - Баршаңызды ортақ мақсатқа – сот жүйелерін тиімдірек және әділ ету жолында сындарлы ынтымақтастық рухында жұмысты жалғастыруға шақырамын».
Кездесудің күн тәртібіне сәйкес басқа делегациялардың басшылары техникалық сессиялар барысында өз елдеріндегі судьяларды тағайындау рәсімдері, соттардың мамандануы, судьялардың тәртіптік жауапкершілігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, кездесу аясында Түркі мемлекеттері Ұйымының сот кеңестерінің басшылары арасында қорытынды декларацияға қол қою және Түркия президенті Режеп Ердоған делегация басшыларын қабылдау жоспарланған.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -