ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 44 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ 34 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ: Түркістан облысы, 04 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 44 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ 34 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштер бойынша республикада бірінші орында тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы саланы дамытуға қатысты тапсырмаларын орындауда жүйелі жұмыс бар.

Аймақта 2024 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 083,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы өнімі – 690,5 млрд. теңге, мал шаруашылығы – 383,6 млрд. теңге.

Жеке-жеке тоқталсақ, 12 айда 245,8 мың тонна ет (11,6% өсім), 447,1 мың тонна сүт (12,8% өсім), 251,1 мың дана жұмыртқа (1,7% өсім) өндірілді. Ірі қара мал басы – 970,1 мың, жылқы – 430,7 мың, қой – 4 318,6 мың болса, түйе 41 мың басқа жетті.

Былтыр 44,6 млрд. теңгеге 34 инвестициялық жоба іске асырылып, 300-ге жуық жұмыс орны құрылды. Оның ішінде ең ірілері: Бәйдібек ауданында «Ernur-Корпорация» ЖШС-нің «5000 басқа арналған ІҚМ бордақылау кешені» жобасы (2 млрд. теңге), Қазығұрт ауданындағы «Қарқын - 2030» ЖШС-нің құны 1,1 млрд. теңге болатын «Қуаттылығы жылына 25 мың бас ІҚМ сою бекеті» жобасы, Сайрам ауданында «Nurym Group» ЖШС-нің құны 2,3 млрд. теңге болатын «Қуаттылығы жылына 46 мың тонна құрама жем зауыты» жобасы. Сонымен бірге Сауран ауданындағы «Жасыл Аймақ» ауыл шаруашылығы кооперативінің құны 3,5 млрд. теңге болатын «5000 басқа арналған ІҚМ бордақылау кешені» жобасы және Шардара ауданындағы «VITA» ЖШС-нің құны 1,5 млрд. теңгелік «Қуаттылығы жылына 136 тонна құрама балық өнімін өндіру» жобасы жүзеге асырылған.

Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен егістікті әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары күшейтіле түсті. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу зауыттарын ашу, отандық өнімдердің экспорттық әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстар жалғасады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштер бойынша республикада бірінші орында тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы саланы дамытуға қатысты тапсырмаларын орындауда жүйелі жұмыс бар.

Аймақта 2024 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 083,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы өнімі – 690,5 млрд. теңге, мал шаруашылығы – 383,6 млрд. теңге.

Жеке-жеке тоқталсақ, 12 айда 245,8 мың тонна ет (11,6% өсім), 447,1 мың тонна сүт (12,8% өсім), 251,1 мың дана жұмыртқа (1,7% өсім) өндірілді. Ірі қара мал басы – 970,1 мың, жылқы – 430,7 мың, қой – 4 318,6 мың болса, түйе 41 мың басқа жетті.

Былтыр 44,6 млрд. теңгеге 34 инвестициялық жоба іске асырылып, 300-ге жуық жұмыс орны құрылды. Оның ішінде ең ірілері: Бәйдібек ауданында «Ernur-Корпорация» ЖШС-нің «5000 басқа арналған ІҚМ бордақылау кешені» жобасы (2 млрд. теңге), Қазығұрт ауданындағы «Қарқын - 2030» ЖШС-нің құны 1,1 млрд. теңге болатын «Қуаттылығы жылына 25 мың бас ІҚМ сою бекеті» жобасы, Сайрам ауданында «Nurym Group» ЖШС-нің құны 2,3 млрд. теңге болатын «Қуаттылығы жылына 46 мың тонна құрама жем зауыты» жобасы. Сонымен бірге Сауран ауданындағы «Жасыл Аймақ» ауыл шаруашылығы кооперативінің құны 3,5 млрд. теңге болатын «5000 басқа арналған ІҚМ бордақылау кешені» жобасы және Шардара ауданындағы «VITA» ЖШС-нің құны 1,5 млрд. теңгелік «Қуаттылығы жылына 136 тонна құрама балық өнімін өндіру» жобасы жүзеге асырылған.

Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен егістікті әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары күшейтіле түсті. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу зауыттарын ашу, отандық өнімдердің экспорттық әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстар жалғасады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар