Түркістан облысында қосымша коммуналдық жағажайлар ашылды
Түркістан облысы Ордабасы ауданының ауылдық округтерінде тұрғындар үшін 10 тегін маусымдық коммуналдық жағажай ашылды.
Жаз мезгілінде су айдындарында жазатайым оқиғалар көптеп орын алады. Осы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында «Боген» елді мекені, «Бөген су қоймасы» бойынан коммуналдық жағажай ашылды. Жағажайдың ашылуына Түркістан облысының ТЖД бастығының орынбасары А. Ержанов пен Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы О. Дүйсен арнайы барып қатысты.
Аталған жағажайда, адамдардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ету үшін, құтқарушылар, алғашқы медициналық көмек көрсету бекеті және қоғамдық тәртіпті сақтау бекеттері де құрылды.
Жалпы быйылғы жылы облыс аумағында 36 қауіпсіз демалыс орындары жұмыс жасап тұр, оның ішінде 19 коммуналдық болса 17 жекеменшік жағажай. Барлық жағдайда демалушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, дәл осындай коммуналдық жағажайлар Арыс және Сауран аудандарында да ашылуда.
Осы орайда, ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына ескертеді! Белгіленбеген және тыйым салынған орындарда суға түсуде болмайды, балаларды су айдындарының жағасында қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ масаң күйде суға түспеуге шақырады!
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -