Түркістан облысында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен ақпараттық түсіндіру кездесуі өткізілді
Түркістан облысы Терроризмге қарсы комиссиясының бастамасымен, Түркістан қаласы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметкерлері және студенттерімен Түркістан облысы «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры, РАНТ мүшесі Д.Сманов, Түркістан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры М.Халықов және Сайрам ауданының бас имамы А.Оспанов арнайы келіп, ақпараттық түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – өңірдегі тұрғындар арасында жат ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы халқымыздың діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.
Кездесу барысында терроризмнің діни, құқықтық және ақпараттық-ағарту аспектілері талқыланды. Рухани-адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлерге, діни экстремизмге қарсы әрекетте азаматтық қорғау органдарының рөліне талдау жасалды.
Кездесу соңында студенттер өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауаптар алды және келген қонақтарға алғысын білдірді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -