Түркістан облысындағы «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы
Облыс аумағында сауда орталықтары мен сауда-ойын-сауық кешендерінде «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы шеңберінде профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Аталған іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың және еріктілердің қатысуымен өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Акция аясында облыс аумағында орналасқан 78 түрлі сауда орындары, 3 ойын-сауық орталықтары, 14 сауда базарларының иелеріне арнайы нұсқама бере отырып, кездесулер ұйымдастырылды. Сауда базарлардағы жалға алушы кәсіпкерлердің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша жалпы 70-ке жуық кездесулер өткізіліп, жадынамалар таратылды.
Атамекен кәсіпкерлік палатасында 9 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын жарамды күйде ұстау, өрттен қорғау жүйелеріне тұрақты қызмет көрсету, электр сымдары мен өртке қарсы су құбыры жүйелерін қолдануы және эвакуациялаудың еркін жолдарын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Түркістан қаласында орналасқан «Turkestan plaza» ойын-сауық орталығында және облыс аумағындағы 12 сауда объектілерде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -