ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысының делегациясы Түркия Республикасына іссапар аясында Түркияның 5 қаласында болып, 15 зауыт, фабрикалардың жұмысымен танысты. Нәтижесінде, Түркістан өңіріне инвестиция салу, бірлесіп жұмыстар атқару бойынша 9 компаниямен меморандумдарға қол қойылды.
Меморандум аясында Түркияның үздік бояулар өндіретін кәсіпорны, трансформатор құрылғыларын өндіретін фабрика, қонақ үйге арналған химиялық жабдықтар мен косметика заттарын өндіретін компания, құрылыс және металл өнімдерін шығарумен айналысатын, кілем шығаратын ірі компаниялар Түркістан облысымен бірлесе жұмыс істейтін болады.
Түркияға жасалған іссапарлар нәтижесінде 27 түркиялық инвестормен іске асырылып жатқан, іске асырылуы жоспарланған және перспективалық жобалар тізімі жасақталды.
Бүгінгі таңда әрбір жоба жетекшілерімен жеке байланыс орнатылып, келесі жылдың наурыз айында бірлескен халықаралық инвестициялық форум және көрме өткізу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -