Түркия елінен әкелінген залалданған гүлдер партиясы жойылды
«Астана Халықаралық әуежай» ФББ-де өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектормен карантиндік фитосанитариялық бақылау қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында Түркия елінен әкелінген 30 қорап, 15 000 дана қалампыр гүлдер партиясының батыс гүлді трипсі карантиндік нысанымен залалданғаны анықталды.
Залалданған партияның бір бөлігі тәркіленіп, сот шешімі бойынша өртеу арқылы жойылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -