Талдықорғанда арнайы дыбыстық құрылғысы бар бағдаршам орнатыла бастады
Талдықорғанда бағдаршамдар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы дыбыстық құрылғылармен жабдықтала бастады
Жуырда облыс орталығы Талдықорған қаласында орнатылып жатқан дыбыстық құрылғылары ең алдымен сынақ режимінде жұмыс істейтін болады дейді сала мамандары.
Осылайша қалада тұратын зағип жандар, құлағы нашар еститін азаматтар мен қариялардың көшеден өтуі қауіпсіз болмақ.
«Мұндай арнайы дыбыс құрылғыларын бүгінгі күні Рүстембеков көшемі мен Н. Назарбаев даңғылының, Қонаев пен Балапанов көшелерінің қиылысында орнаттық. Бұл жұмыстар жүйелі түрде әлі де жалғасын табады. Біз ерекше күтімді қажет ететін жандарға қолайлы орта қалыптастыру - біздің басты міндетіміз», - дейді қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мади Шакенов.
Атап өтсек, бұл дыбыс құрылғысын Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері және «it-service Education» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері ойлап тапқан болатын.
Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -