Талдықорғанда «Таза Қазақстан» эко акциясы аясында сенбілік өтті
Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акциясы аясында орталық саябақта сенбілік өтті.
Тазалық шарасына қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов қатысып, жалпы бұндай акцияны барынша қолдап, әсем қаламызды одан әрі гүлдендіру керектігiн айтты.
Сенбілік облыс, қала әкімдігінің аппараты, облыстық басқарма қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Орталық саябақта өткен сенбілікке 200-ге жуық адам қатысып, саябақтың жол жиектері мен арық жүйелері тазаланып, 10 дана техника жұмылдырылып, 300 м3 қоқыс шығарылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -