Талдықорғаннан Өскеменге апаратын республикалық маңызы бар жол қолданысқа тапсырылады
"Талдықорған-Қалбатау-Өскемен” жолының құрылысы барысы Мемлекет басшысының ерекше назарында.
Жол еліміздің үш өңірін Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын байланыстырады.
Жолдағы құрылыс жұмыстарының барысын Көлік министрі Марат Қарабаев тексерді. Жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын жолға толығымен асфальт төселді. Мамандар 40 көпір мен 6 өткел құрылысын аяқтады. Бірқатар учаске биыл жазда пайдалануға беріледі. Жоба аясында Қойлық, Балапан, Шынқожа елді мекендері мен Аягөз қаласының айналма жолдары салынды.
Жолдың 16 учаскесінде 1 мыңға жуық маман мен 600 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Үшарал қаласының маңындағы көлік айрығындағы құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын.
Жалпы нысанды толық аяқтап, халық игілігіне тапсыру 2024 жылдың соңына жоспарланған.
Дереккөз: ҚР Көлік министрлігінің ресми сайты.
Талдықорғаннан Өскеменге апаратын республикалық маңызы бар жол қолданысқа тапсырылады (www.gov.kz)
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -