Талдысай ауылында жаңа мектеп ашылды
Білім ошағы заманауи талаптарға сай жабдықталған.
25 қазан - Республика күні қарсаңында Мұғалжар ауданының Талдысай ауылында 100 орындық жаңа мектеп ашылды.
Мектептің ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Әлішев, Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезов, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов және ауыл тұрғындары қатысты.
Салтанатты іс-шарада Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезов, аудан басшысы Дархан Ермағанбетов ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.
Талдысай жалпы білім беретін орта мектебінде 24 мұғалім қызмет етеді, 79 оқушы білім алады.
Жаңа ғимаратта жоғары сыныптарға арналған 10 пән кабинеті қарастырылған. Заманауи техникалық құралдармен толықтырылды. 3 интерактивті тақта, 30 компьютер жұмыс істейді. Зертханалары да толық жабдықталған. Сондай-ақ, кең, жайлы спорт зал мен асханасы бар.
Мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған екі алаң және балалар ойын алаңы салынған, бұл оқушылардың дене дамуына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді.
Мектептің құрылыс жұмыстарын «ПК Ерзат» ЖШС жүргізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -