"Таза су айдындары": Қарағанды облысының жағалау аумағынан 65 тоннадан астам қоқыс шығарылды
"Таза су қоймалары" республикалық табиғат қорғау акциясы кезінде Қарағанды облысының балық шаруашылығы объектілерінде сенбіліктер өтті. Су қоймаларынан 246 иесіз тор алынып, жағалау аймақтарынан 65 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Бекзат Махажанов айтып берді.
– "Таза су айдындары" акциясы кезінде торлардан тазарту, жағалау аумақтарын қоқыс пен қалдықтардан тазарту шаралары жүргізілді. Жалпы, Қарағанды облысының су қоймаларынан 246 иесіз тор, 64 ілмекті құрал-сайман алынып, 65 тоннадан астам ҚТҚ шығарылды. Акцияға 500-ден астам адам қатысты, 200-ден астам техника жұмылдырылды, – дейді Бекзат Махажанов.
Ол облыс тұрғындарын қоршаған ортаға және жануарлар әлеміне ұқыпты қарауға, табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -