Теңіз жаяу әскерлері полигонда өткен сынақта шыңдалды
«Оймаша» полигонында теңіз жаяу әскерлері бригадасына және «Батыс» өңірлік қолбасшылығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасына мерзімді әскери міндетін атқаруға келген 600-ге жуық сарбаз бронды техниканы жүргізу және кедергілер жолағын еңсеру сынағынан өтті.
Теориялық білімді, қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігінің негіздерін үйренгеннен соң сарбаздар танкті жүргізіп сынады. Таңертеңнен бастап тактикалық алаңда әскери техниканың гүрілі, гранаталар мен атыс қаруларының тарсылдаған дыбыстары естіліп жатты. Каска киген теңіз жаяу әскері танкке оқ жаудырды, жаттығу гранаталарын лақтырып, жертасаларға жасырынып, көлікке тылдан қайта шабуыл жасады.
– Қарсыластың танктеріне шабуыл жасау және кедергілерді еңсерудің практикалық дағдыларын шыңдады. Окоптағы сарбаздың үстінен танктің өтуі кезіндегі психологиялық кедергіні жеңу үшін жұмыс істеді. Нәтижесінде сабақтың мақсаттарына қол жеткізіліп, міндеттер толық көлемде орындалды, – деп атап өтті жас сарбаздар жиынының бастығы гвардия майоры Амангелді Рахымғалиев.
Теңіз жаяу әскері бригадасы 2 шабуылдау батальонының командирі майор Дамир Мақсатов атап өткендей, «танкті жүргізіп сынау» әскерге жаңа келгендердің психологиялық тұрақтылығын, оған қоса кез келген жағдайда жауынгерлік тапсырманы орындау қабілетін қалыптастырады. Оның пікірінше, мұндай норматив сарбаздың жадында өмір бойы сақталатын көрінеді.
Осындай шаралар теңіз жаяу әскерін моральдық-психологиялық бейімдеуге, олардың дене дайындығын дамытуға, тәртіп пен саптық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -