«Терезені бекітіп - балаңызды қорғаңыз» акциясы
Өскеменде құтқарушылар ерекше профилактикалық жұмыс ұйымдастырды. Өңірде балалардың ашық терезелерден құлау жағдайлары жиілеп кетті. Бұдан әрі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ТЖД қызметкерлері бірінші кезеңде көпбалалы отбасылардың терезелеріне арнайы бекіткіш құрылғыларын орнатты.
Тұрғын үй аймағында дауыс зорайтқышпен жабдықталған арнайы дрон іске қосылды. Терезелері ашық пәтерлерге құтқарушылар дрон көмегімен тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін жеткізіп, балаларды қараусыз қалдыру қаншалықты қауіпті екенін еске салды.
«Мұндай алдын алу қажет болды, өйткені облыста жаз басынан бастап балалардың терезеден құлап кетуі бойынша 3 жағдай орын алды. Ыстық кезеңде тұрғындар пәтерлерін желдетіп жатып, қарбалас істер салдарынан терезені ашық қалдырғанын ұмытып кетіп жатады. Баланы бірнеше секунд қараусыз қалдыру, оқыс оқиғаға әкеп соғуы мүмкін. Бізге тұрғындардың санасына қауіптін аяқ асты болуы мүмкін екенін жеткізу және мұндай оқиғалардың алдын алу маңызды болды», – деп атап өтті ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Аяулым Кекиева.
ТЖД ата-аналардың есіне салады:
- москит торы баланы ұстамап қалмайды.
- бала терезенің алдына шыға алмайтындай жиһазды терезелерден алыс орналастыру керек;
- терезелерге арнайы бекіткіш құрылғыларын орнатыңыз;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз және балконға жалғыз шығуға жол бермеңіз.
Тіпті балаға терезеден құстарды немесе ауланы көрсету сияқты қарапайым әдетінен бас тарту керек. Бұл балалардың өз бетімен терезе алдына шығуына дағдылануына әкеп соғады, бұл қауіпсіз емес.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -