Терроризммен күрес - баршаның міндеті
Қызылорда облыстық ҰҚК Терроризмге қарсы бөлімінің ұйымдастыруымен Шиелі ауданында орналасқан атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің басшылығы мен қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Іс-шараға қатысушы «РУ-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Солтүстік Қарамұрын», «Оңтүстік Қарамұрын» уран кен орны, «Семізбай-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «KAP Logistics» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалы және объектілердің қорғалуын қамтамасыз ететін күзет ұйымдарының өкілдеріне терроризм қауіп-қатерлері төнген жағдайдағы алғашқы әрекет ету алгоритмі қарастырылды.
Теориялық дәріс барысында террористік қауіптердің сценарилеріне сәйкес әрекеттері пысықталған болса, практика жүзінде қолдан жасалған жарылғыш заттар ғимарат ішінде қойылып, қызметкерлердің қауіпсіз аймаққа эвакуациялау жүзеге асырылды.
Сонымен бірге күдікті заттар немесе жарылғыш заттар анықталған жағдайдағы іс-қимылдар жеткізілді.
Іс-шара соңында барлық қойылған сұрақтарға жауаптар алынды.
Материал Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы
бойынша ҰҚКД ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -