«Өткенге деген құрмет және келешекке деген сенім»: депутат Республика күнінің маңызы туралы айтты: Астана қаласы, 24 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Өткенге деген құрмет және келешекке деген сенім»: депутат Республика күнінің маңызы туралы айтты

«Өткенге деген құрмет және келешекке деген сенім»: депутат Республика күнінің маңызы туралы айтты

«Өткенге деген құрмет және келешекке деген сенім»: депутат Республика күнінің маңызы туралы айтты

Биыл Республика күні ел деңгейінде ұлттық мереке мәртебесінде үшінші рет атап өтілуде. «25 қазан – Республика күні – бұл күнтізбедегі жай ғана дата емес, жүрегі «елім, жерім, ұлтым» деп соғатын әрбір азаматтың ұлттық рухын асқақтатып, отаншылдық сезімін оятатын, егемен ел болуымыздың мән-мағынасын айшықтайтын маңызды мереке». Мұндай пікірді «AMANAT» партиясы атынан сайланған Астана қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты Мадина Әжікенова айтты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың батыл шешімімен бұл тарихи күннің қайтадан мемлекеттік мереке ретінде белгіленуі – еліміздің өткенге деген құрметі мен келешекке деген сенімінің айқын көрінісі. Біздің басты байлығымыз – тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Бүгінгі бейбіт өміріміз бен еліміздің азаттығы үшін жан аямай күресіп өткен ата-бабаларымыздың ерлігін мәңгі жадымызда сақтап, өткеннен тағылым алатын бүгінгі күннің ұрпағы ретінде біз егемендігіміздің қадірін терең білуіміз керек», - деді депутат.

1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылданып, еліміз егемендікке алғаш батыл қадам жасады.

«Бұл бізге тәуелсіздікке бет бұрып, әлемдік аренада өзімізге лайықты орнымызды табуға жол ашты. Бүгінде әлем картасынан ойып тұрып орын алған Қазақ елі – тұғыры биік мемлекетке айналып, жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, тұрақты даму жолына түсті. Бұл – ел игілігі үшін еңбек етіп, болашаққа сенімді қадам басқан әрбір отандасымыздың адал еңбегінің жемісі. Республика күні – біздің тәуелсіздігіміздің бастауы, ұлттық рухымыздың асқақтауы, егемендігіміздің мәңгілік символы. Еліміздің ертеңі халқымыздың бірлігіне, патриоттық сезіміне, ұлттық рухына байланысты. Бабалар аманатына қиянат жасамай, тәуелсіздігімізді қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ перзенттік парызымыз. Рухымыз биік, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Республика күні құтты болсын!» - деп сөзін түйіндеді Мадина Әжікенова.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Биыл Республика күні ел деңгейінде ұлттық мереке мәртебесінде үшінші рет атап өтілуде. «25 қазан – Республика күні – бұл күнтізбедегі жай ғана дата емес, жүрегі «елім, жерім, ұлтым» деп соғатын әрбір азаматтың ұлттық рухын асқақтатып, отаншылдық сезімін оятатын, егемен ел болуымыздың мән-мағынасын айшықтайтын маңызды мереке». Мұндай пікірді «AMANAT» партиясы атынан сайланған Астана қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты Мадина Әжікенова айтты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.</p> <p>«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың батыл шешімімен бұл тарихи күннің қайтадан мемлекеттік мереке ретінде белгіленуі – еліміздің өткенге деген құрметі мен келешекке деген сенімінің айқын көрінісі. Біздің басты байлығымыз – тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Бүгінгі бейбіт өміріміз бен еліміздің азаттығы үшін жан аямай күресіп өткен ата-бабаларымыздың ерлігін мәңгі жадымызда сақтап, өткеннен тағылым алатын бүгінгі күннің ұрпағы ретінде біз егемендігіміздің қадірін терең білуіміз керек», - деді депутат.</p> <p>1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылданып, еліміз егемендікке алғаш батыл қадам жасады.</p> <p>«Бұл бізге тәуелсіздікке бет бұрып, әлемдік аренада өзімізге лайықты орнымызды табуға жол ашты. Бүгінде әлем картасынан ойып тұрып орын алған Қазақ елі – тұғыры биік мемлекетке айналып, жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, тұрақты даму жолына түсті. Бұл – ел игілігі үшін еңбек етіп, болашаққа сенімді қадам басқан әрбір отандасымыздың адал еңбегінің жемісі. Республика күні – біздің тәуелсіздігіміздің бастауы, ұлттық рухымыздың асқақтауы, егемендігіміздің мәңгілік символы. Еліміздің ертеңі халқымыздың бірлігіне, патриоттық сезіміне, ұлттық рухына байланысты. Бабалар аманатына қиянат жасамай, тәуелсіздігімізді қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ перзенттік парызымыз. Рухымыз биік, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Республика күні құтты болсын!» - деп сөзін түйіндеді Мадина Әжікенова.</p>

Аймақтағы жаңалықтар