Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесіне өзгерістер енгізіледі
Қорғаныс министрлігі «Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 14 қарашадағы №917 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ведомство басшысының бұйрық жобасын әзірледі.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы Үкімет қаулысымен бекітілген «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 25-бабы 5-тармағының және «ҚР әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының» 129-9-тармағы 2) тармақшасы
23-тармағының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Пайдаланушылардың сұранысы бойынша құжатта «Ұшуды шектеу аймақтары» 2-тарауында ұшу қауіпсіздігінің мүдделерін ескере отырып, аймақтардың параметрлері (өлшемдері, қолданылу кезеңдері) өзгертілді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 19 маусымына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15076495
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -