ТЖ кезінде азаматтардың денсаулығын жақсарту мақсатында медициналық шұғыл көмек көрсету – орталықтың басты міндеті
Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында «ТЖМ Апаттар медицинасы орталығына 30 жыл. Аталмыш кезеңдердегі филиалдың атқарған жұмыстары туралы» тақырыбында брифинг ұйымдастырылды. Спикер ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығының» Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы дәрігер Нұрбол Сауытбаев болды.
Өңірдегі филиалының негізгі мақсаты – облыста төтенше жағдай орын алған кезде халыққа жедел медициналық көмектің көрсетілуін қадағалау. Биыл орталықтың құрылғанына 30 жыл толды. Аталмыш орталық отыз жыл бойы төтенше жағдайлар кезінде қиналған жұртшылыққа алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кез-келген уақытта жол-көлік оқиғаларында, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетіледі, сондай-ақ трассалық медициналық құтқару пунктіне азаматтардың өздері жүгінген кезде оларға да медициналық көмек беріледі.
Қызылорда облысында осындай 3 трассалық медициналық құтқару пункттері бар. Өңір аумағындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында «Шиелі», «Жосалы», «Әйтеке би» трассалық медициналық құтқару пункттері оқыс оқиғаға тап болғандарға шұғыл медициналық көмек көрсетіп, нәтижелі жұмыс жасауда. 2024 жылдың 7 айында филиалдың мамандары ТЖ орындарына 189 рет шұғыл шығып, азаматтарға медициналық көмек көрсеткен. Ал, трассалық медициналық құтқару пункттері 64 рет шұғыл шығулар жасаған.
Қызылорда облысы ТЖД
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -