ТЖМ қатарына үш дүркін әлем чемпионы Сора Рахмонова қосылды
Рахмонова Сора Бақтыбайқызы - қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы.
Кәсіпқой аралас жекпе-жек жауынгері, Кикбоксинг, Тайбокс, ММА, Панкратион спорт түрлерінен ҚР спорт шебері, Бразилиялық джиу-джитсудан көк белбеу иегері.
«Менің негізгі міндетім Төтенше жағдайлар министрлігінің спорттық идеологиясын насихаттау Төтенше жағдайлар қызметі үнемі спорттық бапты талап етеді.
Елдің амандығы жұрттың тыныштығы үшін жиырма төрт сағат бойы қауіп қатермен бетпе бет келген келетін қызметкерлер жұртты құтқарамыз деп өз бастарын бәйгеге тігіп жүреді. Бұндай қиын да жауапты қызметте жүріп бір сәтте босануға болмайды.
Әрқашан спортпен айналысып, ел амандығы үшін қызмет ететін құтқарушылар қатарына мен де қосылдым. Жаңа қызметіме сәттілік тілеп қойыңыздар!,» деп танымал спортшы жеке instagramm парақшасында бөлісті.
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -