ТЖМ құтқарушылары жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін күшейтуде
Жылыту кезеңінің басталуымен жылыту құрылғыларын пайдаланумен байланысты өрттердің пайда болу қаупі едәуір артады. Ең тиімді шаралардың бірі тұрғын үй секторында, әсіресе азаматтардың әлеуметтік осал топтары арасында профилактикалық рейдтер жүргізу болып табылады.
Осы іс-шаралар шеңберінде Абай облысы ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, еріктілермен және әлеуметтік қызметкерлермен бірлесіп зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар және аз қамтылған азаматтар тұратын үйлерге барады.
Негізгі мақсат – жылыту аспаптарының, электр сымдары мен түтін мұржаларының жай-күйін тексеру, сондай-ақ өрттің ықтимал көздерін анықтау. Мамандар тексеру жүргізіп қана қоймай, тұрғындармен өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы ақпараттандырып, түсіндірме әңгімелер өткізеді.
Рейдтер барысында әлеуметтік осал азаматтардың үйлерінде улы газ датчиктерін орнату да жүргізілуде. Ағымдағы жылдың жылыту маусымы басталғаннан бері Абай облысының аумағында осындай 1342 датчик орнатылған. Бұл құрылғылардың уақтылы іске қосылуы қайғылы жағдайдың алдын алуға және ағымдағы жылы бір адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.
ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын және жылыту аспаптарының жай-күйін үнемі тексеру қажеттігін еске салады. Мұндай іс-шараларды өткізу өрт қаупін азайтуға ықпал етеді және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қосымша қорғауды қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -