ТЖМ қызметкерлері тұрғын үй секторына көп көңіл бөледі
Маңғыстау облысының ТЖ департаменті жылу беру кезеңінде өрт қаупін азайту мақсатында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын жалғастыруда.
«Әрбір үйге қауіпсіздік!», «Улы газдан сақ болыңыз!» акциялары аясында ТЖД бастығы полковник М.С. Мұхановтың басшылығымен жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіру және халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде газ талдағыш датчиктерін орната отырып, кезекті аула аралаулар өтті.
Облыс бойынша өрт қаупіне барынша бейім барлығы 2,5 мыңнан астам халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлері есепке алынды, бұл топтағы барлық тұрғын үйлер мекенжайы бойынша профилактикалық жұмыстармен 100% қамтылған.
Тұрғын үйлерде улы газбен уланудың алдын алудың бірден бір әдісі – жылыту қазандықтары орнатылған бөлмелерде газ концентрациясын анықтайтын газ талдағыш датчиктерін орнату.
«2019 жылдан бастап ТЖД мен әкімдіктердің бастамасымен халықтың әлеуметтік осал топтары азаматтарының үйлерінде 8,5 мыңнан астам датчик орнатылды, бүгінгі күні тағы 1,5 мың датчик орнатылуда, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін едәуір арттырады және өрт санын азайтуға ықпал етеді», - деді ТЖД бастығы М.С. Мұханов.
Сонымен қатар өрт қауіпсіздігін кеңінен насихаттау аясында департамент жылыту маусымында Instagram әлеуметтік желісінде өрт қауіпсіздігі туралы таргетті бейнероликтер жарияланды, нәтижесінде қысқа мерзімде 1 миллионға жуық оқырман қамтылды.
Жұмыс жылыту маусымының соңына дейін жалғасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -