Уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі несиеге қатысты дауды шешуге көмектесті
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкіліне жергілікті әйел банктегі қарызына қатысты жағдайды реттеуге, атап айтқанда төлем кестесін ыңғайлауға көмектесуін сұрап жүгінген.Арызданушының айтуынша, ол қиын өмірлік жағдайға тап болған – үйі өртеніп, кейін күйеуі қаза тауыпты, сол себепті әйел банктен төлем кестесін қайта қарауды сұраған. Алайда әйелдің өтініші қанағаттандырылмады, өйткені банк бұған дейін оған төлем демалысын берген болатын.Уәкіл өкілі банкке өтініште көрсетілген уәждерді жан-жақты зерделеп, қарыз алушыларды мерзімі өткен несиелерден қорғау бойынша ұсынылып отырған жүйелік шаралар шеңберінде жаңа төлем кестесін жасау мәселесін қарау үшін сұрау салуды жолдады.Омбудсмен өкілінің көмегінің арқасында жағдай оң шешімін тапты. Банк өтініш берушімен кездесіп, несиені төлеу кестесін реттеу мәселесін қарастыруға келісті.Ол үшін әйел бөлімге хабарласып, қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды міндетті түрде ұсынуы қажет болды.Нәтижесінде банк қарызды қайтару кестесін қайта құрды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -