Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі сотталғандардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығын қалпына келтірді  : Астана қаласы, 27 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі сотталғандардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығын қалпына келтірді

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №55 мекемесін тексеру барысында сотталғандардың әлеуметтік міндетті төлемдерге, медициналық сақтандыру (OSHI) және зейнетақы қорларына аударымдарын қарап, зерделеді.

Нәтижесінде жарамдылық мерзімі өткен, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған 134 сотталғанға міндетті медициналық сақтандыру жарнасы төленбеген. Сонымен қатар, кейбір жұмыс істейтін сотталғандардан жоғарыда аталған себептер бойынша зейнетақы жарналары алынбаған.

Осыған байланысты Уәкіл өкілі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша департаментіне ұсыныс жолдады.

Нәтижесінде қызметтік тексеріс жүргізіліп, 134 сотталғанның тиісті құжаттары ресімделіп, зейнетақы мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік жарналардың төленуі қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, анықталған бұзушылықтарға жол берген мекеменің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Уәкіл өкілінің араласуынан кейін ғана сотталғандардың мүдделерін денсаулық сақтау және зейнетақымен қамсыздандыру салаларында әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылданды.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №55 мекемесін тексеру барысында сотталғандардың әлеуметтік міндетті төлемдерге, медициналық сақтандыру (OSHI) және зейнетақы қорларына аударымдарын қарап, зерделеді.

Нәтижесінде жарамдылық мерзімі өткен, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған 134 сотталғанға міндетті медициналық сақтандыру жарнасы төленбеген. Сонымен қатар, кейбір жұмыс істейтін сотталғандардан жоғарыда аталған себептер бойынша зейнетақы жарналары алынбаған.

Осыған байланысты Уәкіл өкілі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша департаментіне ұсыныс жолдады.

Нәтижесінде қызметтік тексеріс жүргізіліп, 134 сотталғанның тиісті құжаттары ресімделіп, зейнетақы мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік жарналардың төленуі қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, анықталған бұзушылықтарға жол берген мекеменің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Уәкіл өкілінің араласуынан кейін ғана сотталғандардың мүдделерін денсаулық сақтау және зейнетақымен қамсыздандыру салаларында әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылданды.

Аймақтағы жаңалықтар