Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі: №37 мекемедегі сотталған әйелдерге қатысты заңсыз әрекеттер фактілері расталмады
Бұқаралық ақпарат құралдарында Ішкі істер министрлігіне қарасты №37 мекемедегі сотталған әйелдердің бөлмесі бейне бақылауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Жарияланымда оларды ер күзетшілер қарап отыратыны, солардың көз алдында тұтқындар киім ауыстырып, ұйықтауға мәжбүр екені хабарланды.Сонымен қатар, әйелдердің бейнекамераны бақылауға әйел қызметкерлерді отырғызу туралы шағымдары мен өтініштеріне әкімшілік оларды жұмыстан заңды түрде босататынын немесе үй демалысына жібермейтінін айтып, қорқытатынын атап өтеді.Мән-жайды анықтау үшін аталған мекемеге Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі жедел түрде барды.Нәтижесінде №37 мекемеде мұндай фактілер орын алады деген ақпарат расталмады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған бөлменің суреті мен әйелдер жазасын өтеп жатқан No4 және 13 бөлмелердің шынайы суреті сәйкес келмейді.Сотталған әйелдермен әңгімелесу барысында заңсыз әрекеттерге қатысты шағым келтірмеген.Айта кетейік, әйелдер бейнебақылау камерасы жоқ, бөлек бөлмеде киім ауыстырады.Бұл ретте облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне әйелдер бөлмесіне орнатылған бейнекамераларды бақылауға оператор-әйелдерді тарту қажеттігі туралы ұсыныс жасалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -