Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі әлеуметтік орталықта мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді сақтау фактілерін анықтады
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі облыстық No1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болды.
Әлеуметтік қызмет көрсету сапасын тексеру барысында Омбудсмен өкілі жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттың сақталу орнын анықтады.
Бару қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс жіберілді.
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының қаулысымен орталықтың лауазымды тұлғасына айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта айыппұл толығымен төленген.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -