Әуе қорғанысы күштерінде әскери міндеттілердің жиыны өтуде: Астана қаласы, 07 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Әуе қорғанысы күштерінде әскери міндеттілердің жиыны өтуде

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 55065 әскери бөліміне Алматы облысының Іле және Еңбекшіқазақ аудандарының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінен шақырылған әскери міндеттілер келді.

141 әскери міндетті бір ай бойы әскери білімдері мен дағдыларын жетілдіреді. Дәріс сабақтарынан кейін жиынға қатысушылар жөндеу ротасында практикалық кезеңнен өтеді. Онда олар әскери техниканы жүйелі тексерумен, жұмыс барысында туындаған ұсақ ақауларды жөндеумен және профилактикалық жұмыстармен айналысатын болады.

Жөндеу ротасы жауынгерлік техниканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, әскери бөлімшелердің ұдайы жауынгерлік дайындықта болуына мүмкіндік береді. Ал техниканы сапалы жөндеу және техникалық қызмет көрсету әскери қызметшілердің қауіпсіздігін арттырады.

Жиынға қатысушылардың арасындағы әскер қатарында болмаған азаматтар әскери ант берді. 55065 әскери бөлімінің командирі полковник Ерік Қожабаев Отанды қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті екенін атап өтті.

Салтанатты рәсімге Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 55065 әскери бөліміне Алматы облысының Іле және Еңбекшіқазақ аудандарының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінен шақырылған әскери міндеттілер келді.

141 әскери міндетті бір ай бойы әскери білімдері мен дағдыларын жетілдіреді. Дәріс сабақтарынан кейін жиынға қатысушылар жөндеу ротасында практикалық кезеңнен өтеді. Онда олар әскери техниканы жүйелі тексерумен, жұмыс барысында туындаған ұсақ ақауларды жөндеумен және профилактикалық жұмыстармен айналысатын болады.

Жөндеу ротасы жауынгерлік техниканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, әскери бөлімшелердің ұдайы жауынгерлік дайындықта болуына мүмкіндік береді. Ал техниканы сапалы жөндеу және техникалық қызмет көрсету әскери қызметшілердің қауіпсіздігін арттырады.

Жиынға қатысушылардың арасындағы әскер қатарында болмаған азаматтар әскери ант берді. 55065 әскери бөлімінің командирі полковник Ерік Қожабаев Отанды қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті екенін атап өтті.

Салтанатты рәсімге Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Аймақтағы жаңалықтар